Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айдын Рахымбаев Арысқа 100 млн теңге бөлді

Айдын Рахымбаев  Арысқа  100 млн теңге бөлді

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — BI Group құрылыс компаниясының басшысы, кәсіпкер Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беру үшін 100 млн теңге бөлді.

«Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сол кезде үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрлысқа қажетті материалдармен шығуға дайын. 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. Егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлестер өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз», - деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желіде.

Похожие материалы