Айнаш Альпеисова: Өмір жолы мен мансапта қалай дұрыс таңдау жасауға болады?
Айнаш Альпеисова «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының аға заңгері. Бұрын Қазақстан мен АҚШ арасында үздік төрттікке кіретін жеке инвестициялық ұйымда түрлі құқықтық және салық мәселелерін шешумен айналысқан.
Айнаш Гарвард заң факультетінің заң магистрі дәрежесін (LL.M) бітірді. Сондай-ақ, Нью-Йоркте (АҚШ) құқықтану, Массачусетс штатында кәсіби бухгалтер (CPA) дәрістерін аяқтап, арнайы сертификатын иеленген. Айнаш Альпеисова іскерлік құқық және салық салу мәселелері бойынша баяндамашы.
Назарларыңызға Айнаштың оқу, білім, тұлғалық даму, қызмет бойынша пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Мен үнемі өмір жолында болмасын, мамандық таңдауда да және білім алып, біліктілікті жетілдіруде де ұзақ ойланып, таразыға саламын. Яғни қалай дұрыс таңдау жасауға болады?
Біліктілігімді жиі жетілдіруім бойынша SPA және BAR сертификатына қол жеткізіп, қазіргі уақытта IOD (Ұлыбританиядағы директорларға арналған сертификат) курсынан өтудемін. Бұрын жоғары оқу орнын аяқтасам болды барлық жол ашылып, жақсы жұмысқа қол жеткіземін деп мақсат қоятынмын. Алайда, бәрі мен ойлағандай болған жоқ. Алғашқы жұмысқа біліктілікті жетілдіру аясындағы курсты бітіру қажет болды. Одан кейін жаңа жұмысты еңсеру үшін тағы жаңа білім курсын оқитын болдым.
Білім жолында ізденіп келе жатқаныма 20 жылға жуық болды. Мұны көп дей алмаймын. Себебі жасы егде тартқан әріптестерімнің IOD дәрісінен қалмай, білім жолында шаршамай, көздері жанып, жаңалыққа талпынғандарын көріп таңданамын. 50 жыл еңбек етіп, бүгін де үлкен компанияларда директорлар кеңесінің төрағасы болған қызметтегі жандармен бірге жұмыс істеуден шаршамай, қайта шабыт аламын.
Жалпы топтық жұмыс дегеннің не екенін жақсы білемін. Өйткені жанұямда 7 бауырыммен бірге өстім. Үйдің № 6 баласымын. Сондықтан топтағы кикілжіңдерді шешу, біріге нәтижелі жұмыс атқару сынды құрылымдарды бала кезден біліп өстім (күліп).
Ата-анам өткенінен сабақ алып, бізді барынша тәрбиеледі. Олар үнемі білім мен біліктілікке ұмтылу қажеттігін ескертетін. Себебі ешкім ешқашан білім мен біліктілігіңді тартып ала алмайды. Ол үнемі сенімен бірге болады деп үйрететін. Шындығында да адамнан осы екі дүниені тартып ала алмайды. Адам өзімен жұмыс істесе, тұлғалыққа талпынса, одан әрі мықты бола түсетіні айдан анық. Мен әпкелерім сияқты музыка мектебіне баруды жақтыра бермейтінмін. Тіпті, ұрыс шығаратынмын. Дегенмен, анамның айтуымен музыка мектебін толық тәмамдадым.
Бұл тәжірибеден не үйрендім?
Өмірімдегі екінші сабақты студент кезімде алдым. Шет елде оқып жүргенде Қазақстанның келбеті мен мәдениетін, саясаты мен экономикасы жайлы сол елге түсіндіру қажет болды. Дәл сол сәтте менің музыка мектебінен алған білімім толық жарады. Сондықтан кез келген уақытта сенің бойыңда қосымша өнерің, білімің болғаны нұр үстіне нұр болады екен. Мүмкіндігінше, жаңа білімді алғанда менің өміріме бұл керек деп іздену қажет.
Бала кезімде кітап оқығанды ұнататынмын. Бір күні Карнегидің кітабы қолыма түсті. Кітаптың атауын ұмытып қалыппын. Оның ішінде американдық президенттер білім алған Гарвард университеті жайлы ақпараттар баяндалды. 12 жасымда мүмкіндіктерге толы Гарвард оқу орнына түсуге ниеттендім. Уақыт өте келе Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға тапсырдым. Бір жағынан әкем де заңгер қызметінде жұмыс істейтін. Ісімен, ерен еңбегімен елдің мақтауында жүретін әкеме қызығып, заңгер мамандығын аяқтадым. Бірақ, бала кезден армандаған оқу ордам Гарвардтан білім алу жайындағы ойым өзгерген жоқ. Техниканың қолға түсе бермейтін заманында компьютер тауып, Гарвард жайлы мәліметтер іздеп, оқу барысы бойынша өтініш жібердім. Келесі жылдың наурыз айында Гарвард университетіне оқуға қабылданғаным жайында хабарлама келді. Сол сәттегі менің қуанышымды көрсеңіз. Шалғайда өмір сүретін қарапайым қызды Гарвард университеті таңдап алғанына сене алмадым.
Ал әкем Гарвардқа оқуға түскеніме қатты таңдана қойған жоқ. Оның ойынша, МГУ, МГИМО сынды оқу орындары жоғарыда болды. Сонда түсінгенім, бір толқында өмір сүрген жандар үшін ғана қызмет етсең, онда жұмыс істегенің шамалы. Сондықтан жаңа белеске ескі түсінікпен қадам баспаған абзал.
Ең үлкен іс Гарвардқа оқуға түсу болса, ал оқу одан үлкен іс болды. Ол жерде білім беру жүйесі Сократ салған технология бойынша берілді. Мәселен, аудитория амфитеатр тәрізді құрылып, ортада профессор сабақ өтеді. Әрбір студенттің алдында микрофон орналасып, кез келген уақытта сұрақ қоятын профессордың сауалына жауап бересің. Ал ол үшін әр сабақта кемі 300 беттен құралатын кітаптың барлығын оқуың шарт. Мұның өзі табандылық пен үлкен ізденісті талап етті.
Бір қызығы, Қазақстанда заңгер мамандығына мектеп бітіре сала тапсыруға болады. Америкада бакалавриат аяқтаннан кейін оқуға міндетті. Қатардағы студенттермен білім алу барысында Қазақстаннан алған білімім жетіспей, қосымша бухгалтерия, қаржы, инвестиция бойынша курстарға қатыстым. Сондықтан қосымша сабақ алудан қашпау керек. Ыңғайы келсе, білімді жетілдіре берген дұрыс шешім. Әсіресе, нарығы жас Қазақстанда бұл жақсы іске асады. Бәсекелестік тудырады. Жастар дами түседі. Америкада 2 немесе 3 мамандықты игеруге мүмкіндік аз. Себебі дамыған нарықтың тарихы алыстан бастау алған.
Америкадағы үздік төрттікке кіретін компанияда жұмысқа тұрғаныма қуандым. Өйткені бұл компания үшін ең негізгі капитал адам болып саналды. Жұмысшы белсенді болса, онда компания өркендеп, мақсатына толықтай жете алды. Олар өздерінің қызметкерлері даму үшін барын салды. Ең мықты деген дәрістер мен тренингтерге қатыстырды. Сонымен қатар жылдың үздік қызметкерін таңдап, еңбегін бағалады. Алғашқыда маған бір деген баға қойды.
Мен өте жақсы жұмыс істесем де, неге мені сынады?
Әріптестеріңнің сынауы өзара төмендету емес, керісінше өзіңмен жұмыс істеп, жетістікке жету жолында қарқындылық қоса түсетіндігін түсіндім.
Америкада бәрі жақсы болды. Бір жолы ата-анам хабарласып, жақын туысымыз көлік апатына ұшырағанын жеткізді. Сол сәтте жақындар жанында болып, туып-өскен елімде қызмет еткенім дұрыс деген шешім қабылдадым. Біздің отбасымыздың қағидасы да, ең алдымен, елге пайдаң тиіп, ортаны жақсы жаққа бұру.
Қазіргі уақытта қарбалас жұмыстан бөлек Астананың бір оқу орнында студенттерге сабақ берудемін. Өйткені жастарға жаңашылдықты үйретіп, бағыт-бағдар беруге тырысудамын. Нәтижесінде студенттер аудиториясы өзегере бастады. Таңғы 7:45-те басталатын дәрісіме түгелдей студенттер қалмай қатысады. Олар тек қатысып қана қоймай, сауалдар қойып, қосымша ақпараттар бергендігімді қалайды. Шәкірттеріме білгенімді үйрете отырып, мен де өсіп жатырмын. Бір қуантатыны Қазақстан жастарының дамып, жарқын болашақты бірге жасайтындықтарына сенемін.
Бейнежазба AIFC Bureau for CPD в Youtube ресми сайтында және AIFC Bureau for CPD немесе Be A-Pro жарияланған.
Материал hipo.kz аударылды