Қазақстандық Air Astana үкіметке компанияны жекешелендіруге және акция пакеттерін шетелдік инвесторларға сатуға жол бермеу туралы өтініш айтты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Біз үкіметке Air Astana-ның кво-дәрежесін сақтап қалу туралы өтініш айттық. Аталған мәселеге қатысты позициямызды қарайды деп үміттенеміз", - деп атап өткен компанияның баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, Air Astana-ның 51% акциясының сатылуы «Әуе тасымалын қолдану туралы» заң мазмұнынының өзгеруінен кейін мүмкін болып отыр.
"Осы жылы мемлекеттік сатып алуға байланысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл әуе кеңістігі туралы басқа заңдардың мазмұнына әсерін тигізді. Мысалы бұдан бұрын шетелдік инвесторлар акциясының нормасы 49% болса, қазір бұл норма алынып тасталды", - деп түсінірді компания өкілі.
Баспасөз қызметі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) ұсынысына сәйкес, шетелдік компаниялар әуе тасымалының 49%-на иелік ете алмайтынын анықтаған.
"Мұндай заңдар тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та, ЕО-да, Қытайда, Ресейде бар. Өйткені барлық авиациялардың қорғаныс үшін маңызы бар. Мемлекет әуе тасымалдаушылардың бақылау пакеттеріне иелік еткісі келеді. Ұшақтары әуе кеңістігіне жіберілген кезде кез келген әуе компания мемлекет өздерін тиімді бақылауға алып отырғанына сенімді болуы керек. Олар біздің елдің жалауымен ұшырылатын ұшақтар нақты республиканың бақылауында болу керектігін түсіну керек" - деп есептейді әуе компания қызметкерлері.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, Air Astana-ны сатып алушы Катар әуе бағыты (Qatar Airways) болуы мүмкін.
Сондай-ақ айта кетейік, «ҚР мемлекеттік сатып алу бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қабылдануы «Әуе тасымалын қолдану туралы» заңға әсерін тигізуде. Осыған байланысты Air Astana және басқа да қазақстандық әуе компаниялары шетелге ұшуын тоқтатуы мүмкін.
«Эйр Астана» – Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық авиация қауіпсіздік агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 директиваның талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін әуекомпаниялардың бірі. 2011 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы тағы да IATA-ның (Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық аудиттен (IOSA) сәтті өткен әуекомпаниялар регистрінде ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар «Эйр Астана» осы регистрде тіркелген қазақстандық жалғыз әуекомпания болып табылады.
Фото: khabar.kz