Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Airbus пен қазақстандық кәсіпорын жаңа ғарыш кешенін салады

Airbus пен қазақстандық кәсіпорын жаңа ғарыш кешенін салады

«Қазақстан ғарыш сапары» АҚ мен Францияның Airbus компаниясы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау  кешенін салып жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Осы жобаны іске асыруда стратегиялық әріптес әрі ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі «Airbus Defence and Space» француз компаниясы таңдалды. Министрдің сөзіне қарағанда, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ғарыш аппараттарын, спутниктік аппаратураларды және ғарыш техникаларын жобалау, құрамдас бөліктерін әзірлеу, жинау және сынау үшін жоғары технологиялық кәсіпорын салынатын болады. Атап айтқанда, бұл кешенде байланыс спутнигі; Жерді қашықтықтан зондтау спутниктері (оптикалық және радиолокациялық); ғылыми-технологиялық спутниктер секілді ғарыш аппараттарының  түрлері жобаланып, құрастырылады және сынақтан өткізіледі.

Похожие материалы