Қызылорда. 31 мамыр. 7kun.kz - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс активінің жиналысында ішкі саясат басқармасының бастығын таныстырды. Бұл қызметке Айдын Қайруллаев тағайындалды.
Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Қорқыт ата универрситетін 2002 жылы журналист, 2008 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын облыстық телеарнада редактор болып бастаған.
2001-2002 жылдары «Сета» радиосының бас редакторы болды. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармаларының бастығы болды. 2015 жылдың шілде айынан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
Облыс әкімі Айдын Бөкенбайұлының ішкі саясат саласында тәжірибесінің молдығын, тәжірибелі маман және басшы ретінде көрсете білгенін айтып өтті.