Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ғарышкерге бұл атақ "ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін" беріліп, Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады.
Сонымен қатар, А. Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағымен марапатталды. "Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін",- делінген мемлекет басшысы жарлығында.