Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі - Бозымбаев

АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі - Бозымбаев

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Атом электр станциясын салу мәселесі Үкімет басшылығының да, Мемлекет басшысының да бақылауында. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Қазір біздің қоғамда өткір пікірталас жүріп жатыр. Олардың басым бөлігі Семей ядролық полигонынан қалған қорқынышпен байланысты. Бұған қатысты халықтың гендік жады бар. Егер шешім қабылданса, әрине, заңға сәйкес, кез келген жағдайда қоғамдық пікір ескерілетін болады. Өйткені, қоғамдық тыңдау өткізіледі», - деді Бозымбаев Қазақстан Президенті теле-радио кешенінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен консультациялар жүргізіледі.

«Владимир Владимирович Путин айтқандай, бұл тек ресейлік тараптың тілегі. Біз қоғамды хабардар ететін боламыз және бұл мәселе Үкімет басшылығының, сондай – ақ Мемлекет басшысының бақылауында болады», - деді министр.

Похожие материалы