Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

iPhone алсаңыз мұқият болыңыз

iPhone алсаңыз мұқият болыңыз

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Айгерім жұмыста отырған. Оның Айфоны өзінен-өзі өшіп, қосылды да, экранға мынандай жазу шықты:

123Айгерім, аң-таң, телефон құлыпталып қалды, енді оны қолдана алмайды. Не болуы мүмкін? Алаяқтар Айгерімнің почтасын бұзып, оған жалғанған Эпл-айди-ді тауып алған болуы мүмкін. Олар оңай-ақ жолмен құпия сөзді өзгертіп, Айгерімнің телефонына кіріп, оны құлыптап тастайды. Эпл-айдидің көмегімен екі шерту арқылы-ақ Айфон, Айпад тіпті интернетке қосылған Айпод-тачты да құлыптап тастауға болады. Мұның барлығы «Найти iPhone» қосымшасы арқылы жасалады. Алаяқтар Айгерімнің құлыпталған  Айфоны дәл қазір қайда екенін біле алады, тіпті мұны Айгерімге қарсы қолдануы мүмкін. Алаяқтарға бұл не үшін керек? Түсіндірейік, Айфон иесінің кіммен сөйлесетінін біліп, телефонында жеке суреттері болса жариялаймын деп қорқытуы мүмкін. Қайда жұмыс істейтінін біліп, басшылығы туралы хаттарды бастығыңа жіберемін деуі мүмкін. Екі жыл бұрын хакерлер мыңдаған Айклаудқа кіруге мүмкіндік алған. Олардың ішінде Дженнифер Лоуренс, Кейли Куоко, Кирстен Данст сияқты танымал адамдар болды. Бұлардың көпшілігінің телефонында интимдік бағыттағы суреттері болған, олар көп ұзамай интернетке тарап кетті. Егер Айгерім Аймесседж арқылы паспортының суретін біреуге жіберген болса кейбір шағын несие беру ұйымдарынан алаяқтар кредит рәсімдеуі мүмкін. Жұмысыңызға, ақша мен беделіңізге нұсқан келмесін десеңіз жеке бас құпияңыз туралы алдын-ала сақтанған дұрыс. Не істеу керек? Басты ереже: сабыр сақтаңыз, алаяқтарға ештеме төлемеңіз. Бірден Apple-нің техқолдау қызметіне хабарласыңыз. Өкінішке қарай бұл қызмет көрсетілетін мемлекеттер тізімінде Қазақстан жоқ. Сондықтан Ресейдегі қызметі арқылы қолдауды жүзеге асыруы мүмкін.
Алаяқтар ақша алған соң, телефонды қайтарып бере салуы мүмкін емес. Оңай олжаға кетіктік деп тағы да ақша сұрап, жүйкеңізді жұқартуы мүмкін. Алаяқтарға төлеген сайын, оны пайдалануға болатынын түсініп, құтыруы мүмкін. Сондықтан, ештеме төлемеңіз.
Apple-нің техқолдау қызметі аккаунтыңызды қайтарып беру үшін сізден төмендегі ақпараттарды беруін сұрауы мүмкін: Apple ID тіркеу кезіндегі жауап берген үш сұраққа. Apple ID-ге тіркелген төлем картаңыздың соңғы 4 санын Телефонның сериялық нөмірі немесе ІМЕІ код. ІМЕІ Айфонның артқы жағында, сериялық нөмірмен бірге жазылады. Мұны телефонды алған соң, бөлек жазып алғаныңыз дұрыс. Мұндай жағдайға тап болмас үшін не істеу керек? Электронды пошаңыз бен Эпл-айди үшін қиын құпия сөз ойлап табыңыз. 123456 немесе qwerty хакер үшін ойыншық. Құпия сөзіңізді әріп, цифрлар, арнайы белгілер болғаны дұрыс. Бірдей құпия сөзді почтаңызға, Эпл-айди қатар қоймаңыз. Ең болмаса әріптерін ауыстырыңыз, әрине ең дұрысы екі түрлі құпия сөз. Эпл айди үшін екіфакторлы аутентификацияны іске қосыңыз. Бұл қосылған болса сенім білдірілген Айфон, Айпад, Макбукке цифрлық код келеді. Бұл код болмаса алаяқтар сіздің Айфоныңызға кіру алмайды. Жеке ақпараттарыңыз бен (егер болса) интимдік фотоларыңызды Телеграм немесе Снапчат арқылы жолдағаныңыз дұрыс.Телеграмда хат алмасу аяқталған соң бірден жойылып кететін құпия чат  ашуға болады. Снапчат барлығын бірден өшіріп отырады. Фотоны жіберген соң телефоннан өшіріп тастаған дұрыс. Таныстарыңыз ең алғашқы итіңіздің атын сұраса айтпағаныңыз дұрыс. Алаяқтар аккаунттарға бақылаушы сұрақтардың жаабын біліп алу арқылы кіруі мүмкін. «Күдікті» Айфондарды алмаңыз. Ондайлар көбіне күдікті дүкендерде, тым арзанға сатылады. Оларға шпион бағдарламалар орнатылып, құпия сөзіңізді ұрлауы, телефоныңызды Айклаудқа кірмей-ақ құлыптауы мүмкін.  «Разлоченный» немесе «Джейлбрейк» деген сөздерді естісеңіз, ол телефонға жолап қажеті жоқ. Айфонды «қолдан» алсаңыз екі шоқып, бір қараңыз. Сатып алу кезінде сатушыдан баптауларын көз алдыңызда зауыттық деңгейге дейін түсіруін қадағалаңыз. Бірден өз Эпл-Айдиіңізбен Айклаудқа кіріңіз. Сатушыдан бұрын сатып алған кездегі чек, басқа да құжаттары қалса, сұраңыз. Қорабы болса сыртындағы сериялық нөмірімен салыстырыңыз. Телефонның сериялық нөмірі қандай партиямен келгенін де қадағалаңыз, егер Ресейде сатылып алынса, ТМД-лық партиямен келуі керек. P.S. Жақында 7kun.kz сайтының қызметкері қолдан Айфон сатып алған. Бірақ оның қуанышысы ұзаққа бармады, ертесі-ақ, құлыпталып қалған. Ол әртүрлі мамандардың көмегімен ашуға талпынған еді, алайда онысынан еш нәтиже шықпады. Телефонның ұрланғаны белгілі болды. Полицияға барған еді, олардың тарапынан телефонның иесі ұрланғаны туралы арыз түсірмеді деген жауап алды. Біздің қызметкер бір күні сатқан адамды байқап қалып, полицияға алып барады. Ертесі әлгі адам маған «жала жапты» деп полицияға оның үстінен арыз түсірген. Абырой болғанда әлгі «сатушының» телефонды сатқан кезі кеңсе жанындағы бейнекамераға түсіп қалған. Қазіргі кезде бұл мәселені полиция қарауда. 7kun.kz қызметкерінің еш кінәсі жоқ, кінәлі анықталары анық. Алайда оның ақшасы мен уақыты кетті. Айфон алсаңыз мұқият болыңыз.

Похожие материалы