Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айлық табыс көлемі жоғары ел анықталды

Айлық табыс көлемі жоғары ел анықталды

2014 жылдағы айлық таза табыс көлемі ең жоғары ел Швейцария болып шықты. Бұл туралы Nation Master статистикалық ақпарат агрегаторы хабарлайды.

Швейцарияның тұрғындары орта есеппен салықты шегергеннен соң айына 6,3 мың доллар (барлық елдердің табыс көлемдері доллармен берілген) табады. Одан кейінгі орында Люксембург - 4,4 мың доллар.

Ал, Куба болса антирекорд қойып отыр. Кубалықтардың айлық табыстары 25 долларды құрайды. Ресей 86-орынға жайғасты - 686 доллар. Гаити - 712 доллар, Мозамбик - 757 доллар, Свазиленд - 787 доллар.

Украина 132-орында, яғни 358 доллар. Nation Master деректері бойынша, украиналық тұрғын орта есеппен Албания тұрғындары (434 доллар) мен Ботсвана (529 доллар) тұрғындарынан аз табыс табады.

 

Похожие материалы