Экономика
Аймақтарда 15 наурызға дейін жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары бекітіледі
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында орталық және жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүзеге асырылатын жобалардың саны нақтыланады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа мәжілісінде мекеме басшысы Тамара Дүйсенова хабарлады.
Министр өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтарға қатысты белсенді шаралар қабылдау мәселесіне тоқтала отырып, осы мақсатта барлық өңірлерде ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары бекітілетінін атап өтті.
Атап айтқанда, жоспарды іске асырудың алғашқы жылында азаматтарды «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға тарту көзделген.
«Орталық және жергілікті атқару органдарымен бірлесе «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жобалардың санын нақтылау, cондай-ақ оның есебінен өңірлерде құрылатын жұмыс орындарының көлемін нақтылау мақсаты тұр», - деп мәлімдеді Т. Дүйсенова.
Ақпарат көзі: kazinform