Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Боранбаев ЭКСПО еріктілерін фаст-фудпен тамақтандырмақ

Қайрат Боранбаев ЭКСПО еріктілерін фаст-фудпен тамақтандырмақ

Астана. 9 маусым. 7kun.kz - McDonald’s Астана әкімдігінің ресми серіктесі ретінде ЭКСПО еріктілерін тегін аспен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің алдында  McDonald’s Қазақстан президенті Қайрат Боранбаев Астана әкімдігінің еріктілерімен кездесті.

Бұл ресторандар желісі көрме өтетін уақыт аралығында қала бойынша қызмет ететін 1500-ға жуық еріктіге күнделікті тегін ас беріледі.

McDonald’s компаниясының баспасөз қызметіндегілер "Барлық еріктілер «Астана ЭКСПО-2017» туралы ерекше ынта білдірді және әлемдік көшбасшы McDonald’s® қолдау білдіргеніне қуанышты" екенін айтты. Бірақ Total.kz порталы еріктілердің ата-аналары бұл жаңалыққа жылы көзқарас танытпағанын және балаларына фаст-фудпен желігіп кетпеуді ескерткендерін хабарлады.

Похожие материалы