Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Келімбетовтың жұмысы қалай қорытындыланды?

Қайрат Келімбетовтың жұмысы қалай қорытындыланды?

Қайрат Келімбетовтың отставкаға кететіндігі туралы осыған дейін хабарланғанымен, Ұлттық банк жоққа шығарған еді. Дегенмен ол орнынан босады, ал көпшілігі Ораз Жандосов немесе Болат Жәмішевті күткені рас. Жаңа басшы Данияр Ақышевтың қандай өзгеріс әкелетіндігі белгісіз, бірақ Қайрат Келімбетовтың жұмысын қорытындылай беруге болады. Капитал толығырақ жазады.

Қайрат Келімбетов Григорий Марченконың орнына Ұлттық банктің төрағасы болып 2013 жылдың 1 қазанында  тағайындалды. Сол уақыттан-ақ сарапшылар девальвацияның болуы мүмкін екендігі туралы айта бастаған еді.

Қоғам қайраткері әрі экономист Петр Своик шарасыздықтан ұлттық валюта курсының құлдырайтындығы туралы сенімді түрде мәлімеді.  «Девальвация Марченко басқарса да, Келімбетов басқарса да болады. Марченко өзінің жеке тұлғалығын таныта білсе, Келімбетовке бұл ретте кедергілер көп болды. Бірақ Қазақстандағы макроэкономикалық бағанада екеуі бірдей. Марченко істеген нәрсені Келімбетов те істейді. Бұл ауысулар зейнетақы жүйесінің реформаларын өткізуге байланысты шыққан жанжалдармен және қаржының қайда кетіп жатқанымен тікелей байланысты. Менің ойымша, Марченконы бар кінәні өзіне ала бергені жалықтырып жіберді», - деген еді осыдан екі жыл бұрын Петр Своик.

Ал қаржы шолушысы Төлеген Асқаров 2013 жылдың қаңтарында Ұлттық банк басшысының ауысуы біз күткен оқиға деп мәлімдеген болатын. Ол бұл саяси тағайындау болды деген пікір білдіріп, Қайрат Келімбетовтың алдында тұрған міндеттер туралы айтты. «Бірінші кезекте саяси сенімді жоғалтқан олигархтардан банк секторы алынады. Яғни банк топтары әлсіреді деген сөз. Ұлттық банк биржадан бақылау пакетін иеленді, мұның өзі болмаған жайт. Кезекте сақтандыру нарығы тұр. Осыған байланысты Келімбетов саяси түрде тағайындалған сияқты», – деп мәлімдеді 2013 жылы Ұлттық банк басшысы ауысқан кезде.

Девальвация болмайды

Қ. Келімбетов банк басшысы болып тағайындалған соң, үш күннен кейін реттеуші ақша-несие саясатын сақтап қалады деген баспасөз баяндамасы таратылады. Таратылған хабарламада Ұлттық банк ұлттық валютаның айырбас курсына қатысты саясатты жалғастыра береді делінген.

Конституция Заңына сәйкес Қайрат Келімбетовты Ұлттық банк төрағасы ретінде тағайындауға ҚР Парламенті Сенаты келісім береді. 2013 жылдың қазан айында Қ.Келімбетов девальвацияға қатысты депуттардың қойған сұрағына алаңдауға еш негіз жоқ деп жауап берген еді.

«Г. Марченко мырза өткен жылы теңгеге қатысты девальвацияның болуына жол берді. Халық жинақтаған қаржыларын жоғалтты. Әсіресе, банкке қатысты. Алдағы уақыт та мұндай жағдай орын алады ма? Үкімет сіз арқылы теңгеге қатысты екінші рет девальвация өткізуі мүмкін бе?» - деген еді сол кезде сенат депутаты Светлана Жалмагамбетова.

«Алаңдауға еш негіз жоқ. Ұлттық валютаның айырбас курсының саясатына әсер ететін басты факторлар өзгерістерге шыдай алған жоқ. Бұл мұнай бағасы мен ресейлік рубльдің әлсіреуіне де қатысты. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ. Ұлттық банк теңге курсына қатысты болған күрт өзгерістерді реттеуді жалғастыра береді», - деп жауап берді Қайрат Келімбетов.

2013 жылдың қазан-қараша айында Ұлттық банк қазақстандықтарға теңге курсы қалыпты болатыны туралы уәде берді. Ал 2014 жылдың қаңтар айында реттеуіш теңгеге қатысты девальвация болмайтыны туралы хабарлама таратты.

«Қазіргі уақытта теңге курсын реттеу экономикалық шарттарға сәйкес жүргізіліп жатыр», – делінген 2014 жылдың 21 қаңтарында таратылған баспасөз баяндамасында.

Бірақ осындай мәлімдемелерге қарамастан 2014 жылдың 11 ақпанында Қазақстанда "қара дүйсенбі" болды. Қазақстандық қор биржасында доллармен сауда келісімі 185,99 теңгемен аяқталып, девальвация 20 пайызды құрады. Ал Ұлттық банк басшысы Қ.Келімбетовтың өзі теңге девальвациясы туралы тек бір күн бұрын деп мәлімдеді.

"Жеке мен өзім бұл туралы кеше түнде білдім. Бүгін таңертең Ұлттық банк қызметкерлеріне хабарланды. Банктен ешқандай ақпарат сыртқы тараған жоқ. Біз биржадағы кешкі сауда аяқталғаннан кейін ғана осындай шешім қабылдадық. Менің сөзімді растайтын, қажетті адамдар бар. Олар жалған сұраныс тудыру, девальвацияны өз пайдасына пайдаланып кету тәрізді фактілермен жұмыс істейді",- деп хабарлады Қ.Келімбетов.

Осы девальвациядан кейін әлеуметтік желі қолданушылары, белсенді қазақстандықтар Қайрат Келімбетовты отставкаға жіберуді талап етті. Дегенмен Ұлттық банк төрағасынан "Менің жұмыс берушім -мемлекет басшысы. Сондықтан барлық сұрақ соған бағытталуы керек" деген жауап алынды.

Бірақ келесі күні 12 ақпанда Қайрат Келімбетов девальвацияға  бір жылға жуық дайындалғандарын мойындады.

Ал сәуірде ол құнсыздану заңды түрде жүргізілді деп мәлімдеді. "Бізді сотқа бермекші де болды. Сот барлығын қарады, біз қажетті дәлелдер көрсеттік. Менің ойымша, заңсыз деп айтуға болмайды. Барлығы заңды. Өкінішке орай, халықаралық макроэкономикалық жағдайға байланысты барлығы мәжбүрлі түрде жүргізілді. Сондықтан заңсыз жүргізілді деп уайымдауға негіз жоқ", - деді Қ.Келімбетов.

Кейінгі айларда да Ұлттық банк девальвация туралы қауесеттерді жоққа шығаруға мәжбүр болды. Бірақ көпшілігі реттеуіштің мәлімдемесіне сенген жоқ, қазақстандықтар теңгелік салымдарын валютаға ауыстыра бастады.

2014 жылдың маусымында Қайрат Келімбетов теңге тұрақты деді. "Ешқандай девальвация болмайды. Оның барлығы - қауесеттер. Тек айла-шарғы жасаушылар нарығы әрекет етіп жатыр. Бүгінде мұнай бағасы жоғары. Ресей рублі нығайып жатыр, бірақ белгілі бір уақытта ол құлдыраса да бізді қорқытпайды. Меніңше бізде тұрақтылық бар", -деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы.

2014 жылдың тамызында Ұлттық банк теңге девальвациясы туралы қауесеттер "негізсіз, ешқандай себеп жоқ" деп хабарлады.

2014 жылдың қыркүйегінде Қайрат Келімбетов девальвация туралы қауесеттерді қаржылай терроризммен теңестірді. Тағы да уайымдауға негіз жоқ деп атап өтті. "Әуежайда бомба бар дегендей бізге де хабарласса, барып бәрі жақсы болады дейміз", -деп уәде берді  ол.

2014 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтарды мұнай бағасының құлдырауы мен ресейлік валютаның әлсіреуі теңгенің тұрақтылығына қауіп төндірмейді деп сендірді. "Біз әлемдегі оқиғаларды сараптай отырып, 170-188 деген дәліз қалыпты курс деп есептейміз", - деді ол. Тіпті ешкім жылына 2 рет девальвация жүргізбейді деген шындығын да айтты. "Мен өз айтқаныма 100 пайызға сенуге тырысамын. Егер мен сенімсіз болсам, ешнәрсе айтпаймын",-деді ол өз әрекеттеріне түсіндіре отырып.

2014 жылдың желтоқсанында банкирлер мен кәсіпкерлер ашық түрде девальвация қажет деп айта бастады. Олардың сөзінше, ресейлік рубльдің күрт құбылуына байланысты қазақстандық экспортерлер өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалта бастады. Сол уақытта РБК Quote теңгені ең әлсіз 10 валютаның қатарына қосты.

2015 жылдың қаңтарында Қайрат Келімбетов рубль курсы теңге бағамына әсер етпеуі қажет деп мәлімдеді. "Мен біз үшін мұнай бағасы ең маңызды фактор болуы керек деп есептеймін. Бірақ айырбастау курсы күрт өзгеруі мүмкін емес", - деп мәлімдеді ол.

2015 жылдың 11 ақпанында ( "қара сейсенбіден" 1 жыл өткеннен кейін) Қайрат Келімбетовтың теңге бағамына қатысты пікірлері өзгере бастады. Дегенмен Ұлттық банк күрт девальвация жүргізбейтіндігіне уәде берді.

2015 жылдың жазында девальвациялық болжамдар жиірек қозғала бастады. Теңгені еркін айналымға жіберу керектігі туралы тек банкирлер мен кәсіпкерлер ғана емес, халықаралық сарапшылар мен рейтинг агенттіктерінің мамандары  жиі айта түсті. Бірақ Қайрат Келімбетов күрт өзгеріс болмайды деген мәлімдемесін өзгерткен жоқ.

Алайда 2015 жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк долларға қатысты теңге бағамының дәлізін +3/-15 теңгеден +13/-15 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан еркін теңге айналымына өтті. Ұлттық валюта KASE-де "антирекордтар" орната бастады. Ұлттық банк тез арада жауап қайтарып, интервенция жүргізді. 16 қыркүйекте реттеуіш жүргізген валюталы интервенциялар көлемі 144 млн долларды, 17 қыркүйекте - 270,4 млн долларды, 18 қыркүйекте - 67,2 млн долларды, 21 қыркүйекте - 213,1 млн долларды, 25 қыркүйекте - 41,95 млн долларды, 1 қазанда - 119,9 млн долларды, 2 қазанда - 106,5 млн долларды, 5 қазанда - 54,5 млн долларды, 6 қазанда - 20 млн долларды, 7 қыркүйекте - 66, 6 млн долларды құрады.

2015 жылдың 23 қазанында Қайрат Келімбетов 2015-2016 жылдардағы ұлттық валюта курсы долларға қатысты 250-270 теңге көлемінде белгіленді.

2015 жылдың 30 қыркүйегінде БАҚ-та Қайрат Келімбетовтың отставкаға кетуі туралы ақпараттар жарияланды. Бірақ Ұлттық банк мұны жоққа шығарды.

2015 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовты Ұлттық банк төрағасынан босату туралы шешім қабылдады. Жаңа басшы ретінде Данияр Ақышев тағайындалды.

Похожие материалы