Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайталама тұрғын үйлерін «7-20-25» бағдарламасына енгізуіміз мүмкін

Қайталама тұрғын үйлерін «7-20-25» бағдарламасына енгізуіміз мүмкін

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Ұлттық экономика министрлігі қайталама тұрғын үйлерін "7-20-25" бағдарламасына енгізу шараларын қарастырыруға дайын. Бұл туралы бөлім басшысы Тимур Сүлейменов жариялады, деп хабарлайды LS.

Министрдің айтуынша, бұл шара халық тарапынан қызығушық танытылмаған жағдайда ғана іске асырылады. Сүлейменов бұл мәселе "7-20-25" бағдарламасының алғашқы іске асырылу жылында анықталатынын мәлімдеді.

"Егер қазіргі форматта жақсы жұмыс істеп, көпшіліктің көңілінен шықса және құрылыс өнеркәсібі дамыса, біз өз жұмысымызды жақсы істеп жатырмыз деген сөз. Ал егер, бағдарламаның қалалар мен аудан орталықтарында ақырын жүріп жатқанын түінсек, онда менің ойымша, қайталама тұрғын үйлерін де бағдарламаға қосу мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды. Біз алдымен бар тапсырманы тез арада атқарып бітуіміз керек", - деді Сүлейменов.

Өз кезегінде, Ұлттық банктің басқарма төрағасының орынбасары Олег Смоляков, ведомствоның халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қосымша пакеттерді қарастырып жатқандығын айтты.

"Біз жаңа ипотекалық ұйым құрып жатырмыз, ол жерде басқа шарттар болуы мүмкін. Алайда, олар қазіргі нарықтағылардан әлдеқайда жақсы болады. Біз тұрғын үймен қамтамасыз етілген азаматтардың баспана жағдайын жақсарту туралы барлық мәселелерді талқылайтын боламыз және жыл соңына дейін осындай мүмкіндікті іске қосамыз ", - деді ол.

Похожие материалы