Ұлттық валюта құны рекордтық құлдырауды жалғастырып жатыр. 21 қаңтар күні айырбастау бөлімдерінде доллар курсы 390 теңгеге жетті. Ал валюта биржасындағы таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 383,23 теңгені құрады.
Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан теңге курсын еркін айналымға жіберу туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, Ұлттық банк осы жылдың 5 қарашасында өз резервтерін сақтап қалу үшін мемлекеттегі ішкі валюта нарығына қатыспайтыны туралы мәлімдеген еді.