Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айырбастау пункттері құбылған бағамды ауыстырып тұратын қызметкер іздеп жатыр

Айырбастау пункттері құбылған бағамды ауыстырып тұратын қызметкер іздеп жатыр

Бүгін HIPO.kz сайты валюта айырбастау пункттері көшедегі тақтайшадағы бағамды ауыстырып тұратын адам іздеп жатқаны туралы хабарлады.  Бұл туралы HIPO.kz құрылтайшысы өзінің фейсбук парақшасында  Асхат Мурзабаев «Біздің жұмыс берушілер бүгінгі  жағдайға қарамастан, әзіл-қалжыңын азайтпайды»,  - деп жазды.

HIPO.kz  сайтындағы әзіл-шыны белгісіз хабарландыруда  ірі айырбастау  жүйесі теңге және негізгі әлемдік валюталар курсының құбылуына байланысты бағам кестесін ауыстырып отыратын  жаңа штаттық қызметкер іздейтіндігін жазған.  Қойылатын талаптар: шыдамдылық, төзімділік жүгіруден арнайы разряд болуы қысқа дистанциядағы сайыстарда жүлде алуы және экономикалық білімі есепке алынады Жалақы көлемі көрсетілмеген, жұмыс тәжірибесі маңызды емес. Жаңалық жарияланған сәтте компания сайтында хабарландыру алынған жоқ. Қаншалықты шындыққа сәйкес екендігі белгісіз. Бұл  жаңалықты шынайы қабылдап жатқандар да бар. Әлеуметтік желіде бұл туралы доллар бағамының үздіксіз құлдырауын байланысты жаңа жұмыс орындары пайда болуда, деп пікір білдірген.

Похожие материалы