Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайырымдылықтың жаңа технологиясы

Қайырымдылықтың жаңа технологиясы

Достар, мен сіздерге жаңа принциппен жұмыс істейтін қайырымдылық қорын жасап жатқанымызды айтқанмын. Бір жылдай соны жасаумен болдық. Оның механизімі, процедуралары, IT платформасы, т.б. Ал енді сол қор, үлкен жұмыс бастауда.

Қысқаша оның істеу тәртібі былай: 1. Сіз қордың сайтына немесе мобильді қосымшасына кіресіз. 2. Сіз көмек көрсетем деген баланы таңдайсыз. Ол жерде оның тарихы, жағдайы туралы мәлімет бар. 3. Сіз ақшаңызды сол баланың атына қордың счетына аударсыз (карточкамен). 4. Сіздің ақшаңыз қордың счетынан тікелей серіктес дүкендердің счетына түседі. (Метро, Small, Арзан, Абди, Асем, Waikiki, Meloman и пр.) 5. Сертификаттар сіз көмек көрсеткен балаға жеткізіледі. 6. Бала ата-анасымен, немесе қамқоршымен сертификаттың құнына керек затын сол дүкендерден сатып алады. 7. Сіз әрбір қадамның толық есептемесін аласыз.

Нәтижесінде: - сіз процесстің бәрін көре аласыз, - сіз тікелей адрестік көмек көрсетесіз, - ортаңызда ешқандай шығын жоқ, - бала өзіне керекті заттың бәрін ала алады, - ешкандай қағаз ақша жүрмейді, - ешқандай ұрлық не мақсатсыз пайдалану мүмкін емес, - системада 3 мыңнан астам әкімшіліктердің әлеуметтік қызметтері мен қор қызметкерлерінің тікелей тапқан баллардың тізімі бар. - барлық балалар зякат беру шарттарына сәйкес.

Былтырғы жылдың қысқа қорытындысы: 8 айдың ішінде, "Ниет" қайырымдылық қоры 23 млн.тенгеден астам көмек көрсетті. Ол қаражат 1 552 баланың жағдайын жақсартты.

Ал енді, сіздерге айтқанымдай, үлкен қайырымды істердің уақыты келді!

Бүгін, "Ниет" қайырымдылық қоры мен оның серіктесі - LC WAIKIKI компаниясы, "Игі істер" атты қайырымдылық проектісін жариялаймыз. https://niyet.kz/ru

LC WAIKIKI компаниясы, 38 000 дана баллар киімін "Ниет" қайырымдылық қоры арқылы таратады. Олардың 28 000 данасы Алматыда, 10 000 данасы Астана қалаларында таратылмақ.

Біз "Игі истер" тізбегін бастаудамыз. Әр бір адамды игі іс жасауға шақырып, мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге шақырамыз.

Бірге біз көп балларға және мұқтаж адамдарға көмек көрсете аламыз, оларға үміт пен жұбаныш береміз!

Похожие материалы