Экономика
Авто
Акция сатып алу: қашан, қай жерде, қалай?
IPO (ағылшын тілінен Initial Public Offering) - қандай-да бір компанияның өз акцияларын сатылымға шығаруы. Ал "халықтық" деген қосымша акциялардың бірінші кезекте эмитент-компаниялар жұмыс істейтін алаңға арналып шығарылатындығын білдіреді. Халықтық IPO кезінде сатылымға акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі кәсіпорындар шығарылады.
"Халықтық ІРО" бағдарламасының ерекшелігі:
- бағдарламаны "Самұрық-Қазына" қоры жүргізеді
- бағдарламаға тек әлемдік нарықтағы баға өзгерісіне тәуелді болмайтын, сенімді компаниялар ғана қатыса алады.
- құнды қағаздардың бақылау пакеті мемлекет құзырында қалады
- бағдарлама бойынша акцияны тек ел азаматтары сатып ала алады
- бағдарлама бойынша нарықтық құнынан 10-15-ке төмен бағамен сатылады
- сіз кез-келген сомаға акция сатып ала аласыз
- қатысушы компания және акцияны сатып алу туралы барлық ақпарат ашық және қолжетімді болады
Халықтық IPO сізге не береді?
- банк пайызынан жоғары болатын қосымша табыс аласыз
- акция құны өскенде сіз оны кез-келген уақытта сатып, баға айырмашылығынан пайда түсіресіз
- жыл сайын дивиденттер алуға (таза пайданың %-ы) құқығыңыз бар
- акцияны мұрагерлікке қалдыруға болады
- сіз ұлттық компанияның жалпы акционерлер жиналысына қатыса аласыз
- акция арқылы түскен табыс салық төлеу босатылады
- компанияның ликвидациясы кезінде сіздің заң бойынша бекітілген компания мүлкін алуға құқығыңыз бар
"Халықтық ІРО" туралы мәліметті қайдан білуге болады:
Компаниялар -
halyk-ipo.kz
Биржа -
kase.kz
"Фридом Финанс" -
ffin.kz
Фридом Финанстың мамандандырылған сайты -
ipokz.kz
Қазақстандық компаниялардың акцияларын қалай сатып алуға болады?
- Брокерлік компания таңдаңыз. Брокер сізге акция сатып алып беруші тұлға. Брокерсіз физикалық тұлғалар биржа саудасына қатыса алмайды. Ол акция саудасындағы сіздің басты нұсқаушыңыз болады. Лицензиясының болуына,нарықтағы жұмыс тәжірибесіне және компания көлемі мен қызмет үшін алатын тарифке мән беріңіз.
- Брокермен келісім-шартқа отырыңыз. Мұндай компаниялар өте көп, бірақ көпшілігі Алматыда орналасқан. Облыс, облыс орталықтарындағы инвесторлар акцияны Қазпошта арқылы сатып ала алады. Тарифтері жөнінен де сіз үшін ыңғайлы болмақ. Брокерлік компаниялардың толық тізімін мына жерден біле аласыздар.
- Брокердің Орталық депозиатриядағы клиенттік есепшотына қаржы аударыңыз, осы қаржыға сіз құнды қағаздар сатып аласыз.
- Брокерге акция сатып алу туралы тапсырма беріңіз. Бұл жерде енді сіз нұсқаушыға айналасыз. Қандай компанияның акциясын сатып алу туралы тек сіз шешім қабылдайсыз. Сондықтан осының алдында жан-жақты ақпаратқа қанық болғаныңыз жөн.
- Табысқа ие болыңыз. Сізге дивиденттер түрінде келеді. Дивиденттер көлемі әр компания белгілеген мөлшерде болады. Дегенмен де шынайы табысты тек 1-2 жылдан кейін ала аласыз.
Бұдан бөлек сіздің шетелдік компаниялардың акцияларына ие болуға мүмкіндігіңіз бар:
- Шетелдік компаниялардың акцияларын сатып алу үшін қандай сауда екендігін анықтап алу қажет. Оларды телефон арқылы немесе халықаралық интернет-трейдинг арқылы анықтауға болады. Телефон арқылы жүргізілетін брокерлік саудамен салыстырғанда интернет-трейдингтің артықшылығы бар және клиенттер арасында танымал болып келеді.
- Құжаттар дайындау. Халықаралық интернет-трейдингпен келісім-шартқа отырсаңыз, ҚР азаматының төлқұжаты және тұрғын жеріңізді растайтын құжат қажет.
- Халықаралық интернет-трейдинг жағдайында өз компьютеріңізге сауда платформасына орнатуыңыз қажет. Осыдан кейін ашқан брокерлік есепшотыңызды іске қосып, сауданы бастауға болады.
- Интернет трейдингте инвестор "сатып алу" немесе "сату" деген нүктелерді басу арқылы өзі сауда жүргізеді. Әдетте инвестордың 2-3 халықаралық биржаға (Нью-Йорк және Лондон) шығуға мүмкіндігі бар. Jazz Capital брокерлік компаниясының 29 ірі әлемдік биржаға шығып, бір платформадағы барлық қаржылай құралдарды (акция, валюта, индекс, қор, фьючерс, опцион және т.б.) пайдалануға мүмкіндігіңіз бар. Яғни сіздің қанша халықаралық биржаға шыға алуыңыз таңдаған брокеріңізге және оның мүмкіндігіне байланысты болады.