Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Al Hilal ислам банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кеңсе ашты

Al Hilal ислам банкі жеке тұлғаларға  қызмет көрсететін кеңсе ашты

Алматы. 18 тамыз. 7kun.kz – Бүгін Al Hilal ислам банкі Алматыдағы  Esentai Tower бизнес орталығында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бірінші бөлімшесін ашты.

«Исламдық қаржыландыру секторы әлемдік қаржы жүйесінде жылына 15-20%-бен жылдам дамып келе жатқан сала болып отыр. Қазақстанда дамуға үлкен мүмкіндіктер бар. Қазақстандағы ислам банкінің көшбасшысы ретінде аймақта исламдық қаржыландыру саласын дамытуды мақсат тұтамыз», -деді  банктің басқарма төрағасы Гордон Хаскинс бөлімшенің ашылуында.

Жыл соңына дейін банк айналымын $100 млн жеткізуді жоспарлауда. Банк басшылығы бұл жоспардың орындаларына сенімді, өйткені бір ай тест режимінде жұмыс істеген кезде $12 млн депозит ашылған.

«Депозит бойынша сыйақы жоқ, біз пайыз төлей алмаймыз, бұған шариғат бойынша тиым салынған. Бірақ клиент банк капиталына қатысады және ислам банкингі бойынша табысының бір бөлігі клиентке түседі.  Долларлық депозит бойынша кіріс шамамен 1,5-2%, теңге бойынша - 8-9%», -дейді банктің корпоративтік банкинг департаментінің директоры Елтай Мұхамеджанов.

Оның айтуынша банк тест режимінде ипотека беріп, несие картасын шығара бастайды.

Айта кетейік банктің бас кеңесі Алматыда орналасқан және Астана мен Шымкентте филиалдары бар. Клиенттерге онлайн-қызмет көрсету де іске қосылған. Бүгін ашылған алғашқы бөлімше әл-Фараби даңғылы 77/7 мекен-жайында орналасқан.

Al Hilal 2017 жылдың І жартысының қорытындысында активтері бойынша 33 банктің ішінде 30 орынға ие болды.

Похожие материалы