Алматы. 18 шілде. 7kun.kz - 21 шілде күні Үшарал қаласында жаңа әуежай ашылады. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы "Фейсбукта" хабарлады.
«21 шілде күні Алакөл маңындағы Үшарал қаласынан әуежай ашылады! Әуе айлағы туристер үшін көлге жету мүмкіндігін жеңілдетеді және туризм саласын дамытуға септігін тигізеді», - деп хабарлады министр.
А.Мұхамедиұлы өткен демалыс күндері Алакөлде дуатлоннан жарыс өткендігін атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық курорттарды кеңірек таныту жұмыстарын жүргізуді деп ескертті.
«Қазақстанның көркем жерлерін кең таныту мақсатында дуатлон жарысын жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық. Мұндай шаралар спорт саласын дамытады және туристердің назарын аудартады. Көлдің Шығыс Қазақстан жағынан да осындай шаралар іске асып жатыр", - деді министр.