Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қалалық кәсіпкерлер бизнес үшін 6 пайызбен несие алады

Қалалық кәсіпкерлер бизнес үшін 6 пайызбен несие алады

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz - «Даму» Қоры екінші деңгейлі банктерге 4,6 млрд теңге салады. Бірінші транш ретіндегі бұл қаржы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бөлініп отыр. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалардағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға арналған 1,043 млрд теңгені бірінші болып «Нұрбанк» АҚ алады. 2 тамыз күні  Даму» Қоры мен «Нұрбанк» АҚ арасында аталған келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ «Нұрбанк» «Даму Оптима» бағдарламасына да қатысады. Бұл бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банк алдында кепілзаты жетпеген кәсіпкерлер «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланып несие ала алады.

Жақын уақытта Қор екінші деңгейлі 5 банкпен 3,557 млрд теңгелік осындай келісімге қол қояды деп жоспарланған.

Похожие материалы