Экономика
Алдағы екі жылда юань долларға қатысты 8 пайызға құлдырауы мүмкін
Алдағы екі жылда қытайдың ұлттық валютасы АҚШ долларына қатысты 8 пайызға құлдырауы мүмкін. Бұл жөнінде жұма күні жарияланған Barclays-тың есебінде хабарланды.
Банк сарапшыларының бағалауы бойынша, азия валюталарының ішінде қысым Тайвань, Оңтүстік Корея мен Малайзия валюталарына көбірек түседі. Оған экономикалық өсім қарқынының бәсеңдеуі мен ағымдағы төлем есепшоттарының жоғары тапшылығы себеп деп жазады MarketWatch.
Аустралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы секілді экспортшы мемлекеттердің валютасы америка долларына қатысты 2016 жылдың ортасында 7-8 пайызға төмендеуі ықтимал.