Детройт. 22 маусым. 7kun.kz - Alibaba Джек Ма компаниясының болжауы бойынша алдыңғы он жылда адам өмірінің күнделікті жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқаруы мүмкін. Бұл туралы CNBC мәлімдеді.
“Алдыңғы он жылда адамдар күніне 4 сағат тіпті, аптасына 4 күн ғана жұмыс істеуі мүмкін. Менің атам ауыл шаруашылық қызыметінде 16 сағат жұмыс істеген. Және оның бос уақыты болмайтын. Ал біз күніне 8 сағат жұмыс істейміз. Аптасына 5 күн, және қалған уақыттарда бос боламыз”- деп есептеймін дейді Джек Ма.
Джек Маның айтуы бойынша адамдар шамамен 30 жерді аралай алады. "30 жылдан кейін бұл болжам 300-ге көбеюі мүмкін",- дейді ол. Алайда, Джек Ма мұндай өзгерістер еңбек нарығына сай болмайды деп есептейді.
Осыған дейін Джек Ма Алибаба акциясының құны бір күнде өскендіктен 2,8 млрд тенге табыс тапқанын хабарлаған едік.
Ершат Тілеухан