Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алдағы үш күнде күн жылиды – Қазгидромет

Алдағы үш күнде күн жылиды – Қазгидромет
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - 30 қаңтардан бастап Қазақстанда күн жылына бастайды, деп хабарлайды «Қазгидромет». «Атлантикалық жылу келеді. Орталығы Алтайдан басталатын суық, қатты антициклон әлі де күшінде. Сондықтан демалыс күндері еліміздің көптеген облысында күннің суықтығы әдеттегі нормадан 8-15 градус, оңтүстік-шығыста 17-22 градусқа төмен болды»,-дейді Қазгидромет хабарламасында. Әйтсе де қатты аяздың беті қайта бастаған. 29 қаңтар түні еліміздің солтүстік өңіріндегі 20-27 градус суық ең қатты аяқ болған. «Алдағы үш күнде Атлантика мен Қара теңізден келетін жылы, ылғалды ауа массасының әсерімен Қазақстанның барлық аумағында күннің жылынуы байқалады»,-деп хабарлайды Қазгидромет.

Похожие материалы