Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алдағы уақытта "Оңай" картасымен сауда жасауға болады

Алдағы уақытта "Оңай" картасымен сауда жасауға болады

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz - Алдағы уақытта «Оңай» картасымен тауарлар сатып алып, қызмет ақысын төлеуге болады. Бұл туралы «Алматы транспорт холдингінің» баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін біз «Оңайдың» AppStore және Google Play арқылы мобильдік қосымшасын іске қостық. Бұл «Оңайды» жетілдірудің кезекті қадамы. Нақтырақ айтқанда, тек көлікте ғана емес, тауар және қызмет түріне есеп айырысу кезінде де пайдалана алатындай жетілдіру жолындағы қадамдарымыз. Біз мобильдік қосымшаның функцияларын кеңейтіп, картаның қызмет түрін барынша көбейтпекпіз», - деді «Оңай Рау» ЖШС директоры Александр Зайкин.

«Оңай» мобильдік қосымшасы арқылы енді қолданушы картадағы қаржы сомасын тексеріп, оны комиссиясыз толтыра алады. Жоғалған картасын бұғаттап, ішіндегі соманы жаңа картасына аудара алады. Сонымен қатар, А нүктесінен Б нүктесіне дейін қажетті автобус бағдарын анықтай алады.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы