Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алдағы уақытта уақытша тіркеу онлайн жүргізілуі мүмкін

Алдағы уақытта уақытша тіркеу онлайн жүргізілуі мүмкін

Астана. 13 қаңтар. 7kun.kz - Астанада соңғы тәулікте 4  мыңнан астам адам тіркеліп, 2 жарым  мыңы уақытша тіркеуден өтті. Бұл туралы Астана қаласы ІІД Көші-қон полиция басқармасының басшысы  Гүльвира Дөненбаева мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалардың тұрғындары қарқынды түрде тіркеуден өтіп жатыр. Көші-қон полиция басқармасының басшысының айтуынша, пәтерге тіркеуге тұра алмайтын азаматтар медициналық орталықтарда немесе жұмыс орындарында тіркеуден өтсе болады. Алдағы уақытта онлайн-тіркеу іске қосылуы мүмкін.

Гульвира Дөненбаеваның сөзінше, уақытша тұрғылықты жерінде бір ай ішінде тіркеуге тұрмаған жеке тұлғаға 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынады. Бұл жағдай  қайталанса айыппұл көлемі  жылына 13 АЕК, яғни 29 500 теңге болады. Пәтер жалдаушыларды тіркеуге қоймаған пәтер иелері 10 АЕК, яғни  23 мың теңге айыппұл төлейді. Олар заңды тұлға  болса айыппұл көлемі 15 АЕК болады. Бұл жайлы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл заңының 493 бабында көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы  осы жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Аталған заңда азаматтардың  тұрғылықты орынына  тіркеуден өтуді міндеттейді.

Зүбәйра ЖОРАБЕК "7"

Похожие материалы