Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Даму банкі 1,124 трлн теңгеге 42 жобаны қаржыландырады

Қазақстан Даму банкі 1,124 трлн теңгеге 42 жобаны қаржыландырады
Алдағы төрт жылда Қазақстанның мемлекеттік даму банкі 1,124 трлн теңгеге 42 жобаны қаржыландырады. Бұл туралы «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді. "Біздің қаржыландыру үшін жоспарлаған портфелімізде алдағы төрт жылға арналған 1 триллион 124 миллиард теңгені құрайтын 42 жоба бар",- деді ол Астанада өткен брифингіде. Б.Жәмішевтің айтуынша, жобалар металлургия, инфрақұрылым, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, электр қуаты секілді ірі индустриялық салаларды қамтиды. "Қазақстанның Даму банкіне ірі жобалар бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Қазір банктың сондай жобаларды қаржыландыру арқылы экономиканы әртараптандыруға үлес қоса алатын мүмкіндігі бар",- деді ҚДБ-нің төрағасы. Сонымен қатар, банк осы жылдың басында 816 млн долларға 14 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған. Фото: igk-invest.ru 

Похожие материалы