Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – 2025 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар 2,3 есе өсуі тиіс. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Ол жыл соңына дейін индустриялық-инновациялық дамудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданатынын еске салды.
«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың 2,3 есе өсуімен қатар, бағдарламаны іске асыру еңбек өнімділігін 1,7 есеге арттырады, сонымен қатар, шикізаттық емес экспорт 2,3 есе өседі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 1,6 есеге артады», - деді ол.
Бұл ретте жергілікті қамтуды арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
«Әзірленіп жатқан шаралар 1 мыңнан астам отандық кәсіпорындарды жеңілдетуге, өңдеуші өнеркәсіп тауарлары бойынша жергілікті қамту үлесін 60% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экономика салаларын дамытуды ынталандыру. Жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтуды арттыру үшін жол картасы – шаралардың жеке пакеті әзірленуде», – деп жалғастырды Қасымбек.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қарашасына дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың ашықтығын арттыруға, Жер ресурстары мен жайылымдарды ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа суармалы жерлерді кеңейтуге бағытталған өзгерістер енгізіледі.
«Нәтижесінде, 2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,7 есе өседі, салада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі үш есе өседі», – деп уәде берді ол.