Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алдын-ала болжам бойынша "Адемге" 84 млн теңге шығын келген

Алдын-ала болжам бойынша "Адемге" 84 млн теңге шығын келген

26 сәуірде жанып кеткен "Адем" сауда орталығындағы дүкендердің иелері әкімшіліктен шығынның өтемақысын талап етуде. Алматыдағы кәсіпкерлер палатасының алдын-ала бағалауынша, шығын көлемі 84 млн теңгені құрайды.

Кәсіпкерлер палатасы аймақтық бөлімдерінің директорларынан, құқықтық бөлімнің қызметкерлері мен палатаның баспасөз қызметінен мобильді топ құрды. Арнайы топ өрт орнына барып, кәсіпкерлермен, жалын кезінде зардап шеккендермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 400 хат түріндегі шағым жинақталып, сауда орталығының әкімшілігі мен мемлекеттік органдармен байланыс орнатылды.

"Тек 100 өтінішті сараптау кезінде шығын мөлшері 84 млн теңгеден артық екендігі анықталды. Әрбір хатта материалды шығынды қайтаруды өтінген. Өтініштердің 35%-ы жұмыс орындары қалпына келтіруге, 30%-ы алынған несиелерді оңтайландырып, төлем мерзімін ұзартуға, 10%-дан астамы осы жылдың мамыр айына қатысты алдын-ала төлемді қайтаруға, 5%-ы ЖК-ні жабуға, 10%-ы "Адем" сауда үйіне шағым жазуға көмектесуге қатысты", - деп мәлімдейді Kapital.kz кәсіпкерлер палатасының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 26 сәуірден 27-не қараған түні «Адем» сауда үйі өртеніп кетті. Кейбір ақпараттар бойынша, өрт жексенбі күні кешкі сағат тоғыздар шамасында басталған. Таңғы сағат 05:19-да от жартылай сөндірілді, алдын-ала болжаммен өрт аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алматы қаласындағы төтенше жағдайлар бойынша департаменттің мәлімдеуінше, сауда үйінде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған.Кейінірек орталық басшылығына хабарласқанда «Адем» сауда үйіне АТФ-банктің қатысуы болуы мүмкін екендігі де анықталды.

Похожие материалы