«Альфа-Банк» ЕБ АҚ Даму Қорынан шағын несиелеу және микрокәсіпкерлік үшін 200 000 000 теңге сомада қаржы алды. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Несиелеудің осы технологиясы бойынша 2016 жылдың бірінші тоқсанында орташа жылдамдықпен 3-7 күн ішінде сыйақы мөлшері 14%-ды құрайтын кемінде 20 несие беру жоспарлануда. Айта кететін бір жайт - қарау мерзімі өтінішті қарау үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған кезден бастап 7 жұмыс күнінен аспайды. «Бұл бағдарлама, бірінші кезекте біздің келиенттер үшін пайдалы болатынына және осындай қолайсыз кезеңде олардың бизнесін дамытуға көмектесетініне сенімдімін. «Даму» Қорымен ынтымақтастық Банкті сенімді серіктес ретінде мойындау деп есептеймін», -деді «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Басқарма Төрағасы Данила Смирнов. Келісім аясында жаңа технология бойынша микро және шағын кәсіпкерлік үшін несиелердің бірнеше түрі беріледі: экспресс-несие, микронесие және микро-старт несие. Экспресс-несиенің талаптары: қарыз сомасы 3 млн. теңгеге дейін, мерзімі 12 айға дейін 9 айға дейін жеңілдік кезеңімен. 6 айдан кем емес мерзімде жұмыс істейтін бизнестің болуы. Несиені бекіту мерзімі – екінші деңгейдегі банкке өтініш берген кезден бастап 3 жұмыс күнінен көп емес. Микро-несиенің шарттары: қарыз сомасы – 30 млн теңгеге дейін, инвестициялық мақсаттарға 84 айға дейінгі мерзіммен, айналымдағы қаражаттарды толықтыруға 36 айға дейін, 12 айға дейін жеңілдік кезеңімен. 6 айдан кем емес мерзімде жұмыс істейтін бизнестің болуы. Несиені бекіту мерзімі – екінші деңгейдегі банкке өтініш берген кезден бастап 7 жұмыс күнінен көп емес. Микро-Старт несие: қарыз сомасы – 20 млн теңгеге дейін, инвестициялық мақсаттарға 60 айға дейінгі мерзіммен, айналымдағы қаражаттарды толықтыруға 36 айға дейін, 18 айға дейін жеңілдік кезеңмен. Бизнесті тіркеу мерзімі 36 айдан көп емес. Несиені бекіту мерзімі – екінші деңгейдегі банкке өтініш берген кезден бастап 7 жұмыс күнінен көп емес. Бұл ретте микро және шағын бизнес кәсіпкері, екінші деңгейдегі банктегі несиені қамтамасыз ету ретіндегі кепілі жеткіліксіз болғанда «Даму» Қорының кепілдігін пайдалануына болады. Сондай-ақ жаңа технология 7-ден- 10% дейін несиелерді субсидиялау құралын ұсынады. Несиелеу талаптары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша толығырақ біле аласыздар: http://www.alfabank.kz/ru/sme/damu-micro Фото: nur.kz