Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алғаш рет дауыс берген Нұр-Сұлтан тұрғындары сыйлық алды

Алғаш рет дауыс берген Нұр-Сұлтан тұрғындары сыйлық алды

Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz — Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ ғимаратында орналасқан № 110 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген 18 жасар азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

"Алғаш рет дауыс берушілер, сондай-ақ 9 маусымда туған күнін тойлайтын адамдар үшін біз қазіргі сәттің маңыздылығын атап өту мақсатында естелік сыйлықтар әзірледік. Бұл футболка, кепка, кітаптар және т.б. Сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беретін 50 - ден астам ұлдар мен қыздар тіркелген", - деді № 110 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дархан Матаев.

Бұл ретте С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Аслан Асқар дәл бүгін 18 жас толып, өз таңдауын жасады.

"Әрбір патриот өз елінің болашағына дауыс беруі тиіс. Сайлауда мен алғаш рет дауыс беремін, бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін, жарқын болашағым үшін дауыс беремін. Бірінші рет дауыс берген жастар үшін арнайы тосын сый жасалды. Осындай сыйлықтарды алу өте жақсы, менің ойымша, бұл күн мәңгі есте қалады", - деп атап өтті Аслан Асқар.

Похожие материалы