Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – 2018-2019 қаржы жылында Alibaba компаниясының таза пайдасы 37%-ға артып, 13 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Вести.Экономика.
Бір жай акцияға пайда бір жыл бұрынғыдан 3,91 доллардан 4,97 долларға дейін өсті.
Alibaba компаниясының кірісі 1,5 есе өсіп, 56,152 миллиард долларға жетті, ал компанияның төртінші тоқсанда таза табысы жылдық мәнде 3,4 есе, 3,9 млрд долларға дейін өсті.
Акцияға шаққандағы таратылған пайда төртінші тоқсанда 0,46 доллардан 1,5 долларға дейін өсті. Табыс 1,5 есе өсіп, 13,9 млрд долларға жетті. Ал, Қытайдағы клиенттер базасы бір жылда 654 млн белсенді пайдаланушыға өсті.
Alibaba тобы – Қытайдағы ең ірі интернет-компаниясы. 1999 жылы Джек Ma негізін қалаған. Alibaba тобы бірнеше еншілес компанияларға және интернет-сайттарға ие: Alibaba Pictures, Alibaba.com, AliExpress.com, Taobao.com, Tmall.com. 2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша компания штаты 101,9 мың адамнан асты.