Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Alibaba жаппай роботтанып жатыр. Түбі неге алып келмек?

Alibaba жаппай роботтанып жатыр. Түбі неге алып келмек?
Қытайда еңбек нарығының ауқымы орасан зор, бірақ жұмыс күшінің құны артып келеді. Сондықтан бұл ел жасанды интеллект технологияларын белсенді іске асыруға мүдделі. Мысалы Қытайда роботтар өндірісі АҚШ пен Еуропа елдерін қоса алғандағы көлемнен де асып түседі - шамамен жылына 100 мың данадан көп. Alibaba интернет-гиганты да тауарларын жинау және сұрыптау үшін құлтемірлерді белсенді пайдаланып жүр. Олар wi-fi арқылы басқарылады, 360 градусқа айнала алады, арнайы датчиктерінің көмегімен алдындағы кедергіден айналып өте алады. Сондай-ақ қуаты біте келгенде арнайы командасыз-ақ өздігінен заряд станциясына бара алады. Қойма құлтемірлеріне 4-5 сағаттық жұмыс үшін бес минут қуаттану жеткілікті екен. Бұларды сыпайы роботтар деп те атайды. Өйткені қарсы кездесіп қалса, соқтығысып қалмау үшін бір-біріне жол береді. Бірақ бұның да кесірі бар. Бір-біріне жол берем деп тұрып қалып, кептеліс болып тұрады екен. Дегенмен Alibaba өкілдерінің айтуынша, осы роботтардың арқасында адамдар атқаратын жұмыс 70 пайызға қысқарған. [su_label]Автоматтар арнайы науаға салынған 500 килограмдық жүкті тасуға қауқарлы.[/su_label] Alibaba компаниясы бұнымен тоқтап қалғысы келмейді. Ол өз қызметінің басқа да салаларын роботтандырғысы келеді. 2018 жылдың соңына қарай курьер-робот таныстырылды. Оның көмегімен қораптар мен пакеттерді жеткізуге болады. Сонымен қатар портье-робот та іске қосылды. Оның міндеті - қонақүйлер ішінде тапсырыстарды орындау. Компанияның негізгі қызметі сауда болғандықтан, басшылық интернет-дүкен сервистерін де автоматтандыруды көздеп отыр. Мысалы сайттағы тауарлардың сипаттамасын жаза алатын жасанды интеллект жұмыс істей бастады. Осылайша копирайтерлікпен айналысқан қызметкерлерді алмастырады. Жақын болашақта Alibaba роботтардың жаңа моделін шығаруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда ауруханаларда дәрі-дәрмек жеткізумен айналысатын, мейрамханаларда даяшы қызметін атқара алатын, кеңселерде жұмыс істейтін құлтемірлерді өмірге енгізеді. Осындай автоматтандырудың артықшылығы қандай? "Алибаба" компаниясы роботтарды енгізу арқылы адамдарды жұмыссыз қалдыруды көздемейді. Басты мақсат - қызметкерлердің жұмысын жеңілдету және жұмыс өнімділігін арттыру. Жасанды санасы бар көмекшілердің беретін артықшылығы - тиімділік, дәлдік, қауіпсіздік. Түптеп келгенде - бұның бәрі тұтынушыларға көрсетілетін сервистің сапасын арттыруға алып келеді.

Похожие материалы