Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыға тағы 500 жаңа автобус сатып алынады

Алматыға тағы 500 жаңа автобус сатып алынады

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа №19 бағыт бойынша жолға шыққан жаңа автобустардың жұмысымен танысты.

Қала тұрғындарының өтінішімен ашылған жаңа бағыт Жароков, Розыбакиев, Рысқұлов сияқты магистральді көшелерді және «Қазахфильм», «Алғабас» елді мекендерін қамтиды. Бұларға 20 төмен еденді сыйымдылығы үлкен автобустар қызмет көрсетеді, қозғалыс қашықтығы 6-7 минут.

Жалпы, көлік реформасының кезең аралық қорытындысы соңғы екі жыл ішінде қаланың бағыт желілеріне 500 жаңа автобустардың шығарылғанын көрсетті. Көлікті жаңартудың арқасында 18 бағыт бойынша автобустардың қозғалыс интервалы 3 есе қысқарып, 9 минутты құраған. Жолаушылардың күнделікті легі орташа 46 пайызға артқан. Бұлардан өзге 14 жаңа бағыт жасалды. Қалалық автопарктегі қолданылғаны 3 жылға дейінгі автобустар үлесі қазірдің өзінде 44 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОСЭР стандарттарына сай жолаушылар көлігін тұрақты қалыптастыру үшін қаланың автобус паркін жаңарту және кеңейту қажеттігін атап өтті.  2018 жылы Алматының автобус паркі тағы да 30 пайызға жаңаратын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы