Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz - Қала билігінің көмегімен бұрындары көпке белгілі алманың жергілікті сортын қайта жаңғырады. Алматының апортынан дәм тататын күн де алыс емес секілді. Бұл жөнінде Алматы қаласының Ауыл шаруашылық басқармасы хабарлайды.
«Осы мақсатта арнайы жер телімі таңдалып, жеке инвестор «Apple world» ЖШС-мен келісім жасалды. Алма бағының жұмыстары 2016 жылдың сәуір айынан басталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бұдан бөлек тағы үш ауыл шаруашылық компаниялары осы іске ат салыспақ», - деді басқармадан.
Алматы әкімдігінің айтуынша, қала тұрғындары жылына 17 мың тонна жеміс тұтынады. Сол себепті қала билігі Алматы облысының аумағындағы жерлерді де қоса отырып 2020 жылға дейін өндіріс көлемін 3,5 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр.