Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкімдігі Құрбан айтқа құрбан шалу орындарын белгіледі

Алматы әкімдігі Құрбан айтқа құрбан шалу орындарын белгіледі

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – Алматы әкімдігі Құрбан айтта құрбан шалатын орындарды белгіледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алматы қаласының аумағында құрбандық шалуды онлайн және офлайн режимінде жасауға болады. Интернет арқылы құрбандық шалу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арнайы www.qurban2022.kz сайтын әзірледі (...) Офлайн форматта құрбандық шалу үшін Алматы қаласының әкімдігі 13 орынды бекітті, онда құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген», - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, Алатау ауданында құрбандық шалатын орындар – Мырзахмет, Әскер ата, Алғабас, Әл-Әзім мешіттері; Бостандық ауданында – Бақыткелді мешіті; Жетісу ауданында – Вайнах мешіті; Медеу ауданында – Аманқұл ата, Фатима және Райымбек батыр мешіттері; Наурызбай ауданында – Қарағайлы, Қалқаман-2 мешіттері және «Таусамалы» базары; Түрксіб ауданында – Қайрат мешіті.

«Аталған орындарда, сондай-ақ қала мешіттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 9-11 шілде аралығында әкімдік, полиция, ветеринарлық қызмет және санитарлық - эпидемиологиялық бақылау органдары қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

Похожие материалы