Алматы. 23 маусым. 7kun.kz – Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаевқа скутер туралы сұрақ қойылды. Азаматтардың айтуынша, көліктің бұл түрін жол ережесін сақтамаған кәмелетке толмағандар жиі пайдаланады. Скутердің қатысуымен көбінесе жол апаттары орын алып жатады, бірақ олардың жүргізушілері жазасыз қалады, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Сіздердің айтқандарыңызға қосыламын. Көктем келе салысымен, мен үшін қала әкімі ретінде ең ауыры скутер мен мопед мәселесі болды. Бүгінгі таңда ҚР Ішкі істер министрлігі "ҚР ІІМ-нің "Төтенше жағдай туралы" заң жобасын әзірлеуде. Скутерлер мен мопедтерге қатысты жол қозғалысын реттеу мәселесі қолға алынады. Мәселені шешу үшін заңнамалық база қажет. Сондай-ақ оған қала атынан қосымша құқық бойынша ұсыныстар да бар», - деп жауап берді Ерболат Досаев.
Ерболат Досаевтың айтуынша, жақында оны жаяу жүргіншілер жолында скутер мінген азамат қағып кете жаздаған.
«Мен қаланы аралап жүргенде, мені скутер мінген азамат қағып кете жаздады. Мен орынбасарыма телефон соғып: егер олар осылай әкімге жетсе, онда қаланың қарапайым тұрғындары туралы не айтуға болады? Егер қаладағы нормативтік-құқықтық актілер қабылданса, біз бұл мәселені реттейміз, егер жоқ болса, онда Ішкі істер министрлігінен заң жобасын күтеміз», - деді Алматы әкімі.