Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласы мен облыста электр қуаты арзандады

Алматы қаласы мен облыста электр қуаты арзандады

Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында электр қуатының бағасы арзандады. Бұл жөнінде "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС хабарлайды.

Компанияның бас директоры Михаил Гамбургердің айтуынша, Екібастұз ГРЭС-2 электр қуатының босату бағасын төмендеткен.

Тұтынушылар үшін қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) есептегенде сағатына бір киловатт үшін 15,52 теңгені құрайды. Ол 1 ақпаннан бастап жүргізіліп келеді. Гамбургер бағаның жылдың соңына дейін осылай қалуы мүмкін деп отыр.

Үш жолақты есеп жүйесіне шамалаған тұтынушылар үшін тариф мынадай: күндізгі бағам - 15,52 теңге, максимум сағаттарда - 32,54 теңге, түнгі бағам - 4,36 теңге. Екі жолақты есепке шамалаған тұрғындар үшін электр қуаты күндіз 22,3 теңге, түнде 4,88 теңге болды. Сонымен бірге, тұтыну көлеміне байланысты есептеу жүйесіне де өзгерістер енді. Бірінші дәрежелі тариф 15,4 теңге, екінші дәрежелі - 20,87 теңгені, үшінші дәрежелі тариф - 26,1 теңгені құрады.

Сонымен қатар, "АлматыЭнергоСбыт" төлем түбіртегінің қалыбын өзгертті. Түбіртектің бірінші жолына тұтынушы санауыштағы көрсеткішке сәйкес, өзі есептеп отырады. Екінші жолын "АЖК" АҚ компания мәліметтеріне орай толтырады. Егер екі жолда айтарлықтай айырмашылықтар болатын болса, тұтынушыға бақылаушы келеді. Электр қуаты үшін қарыз көлемі түбіртектің келесі бетінде жазылады. Түбіртетің жаңа түрі Алматы тұрғындарына наурыз айында беріледі. Гамбургер одан бөлек, үкімет тарапынан автоматты есептеу жүйесін енгізу қарастырылып жатқандығын қоса кетті. Бұл төлем сомасын есептеу барысында ешқандай адами фактордың болмауын қадағалайды. Мұндай жүйе әзірге Жамбыл облысында сыналып жатыр.

Алматыда электр қуатының бағасы 2013 жылдың басында қымбаттаған болатын. Ол кезде босату бағасының көтерілуіне байланысты электростанцияларда тарифтер 2,9 пайызға дейін қымбаттаған еді.

Похожие материалы