Алматы қаласының әкімдігі қаланы түрлі заңсыз жарнамалардан тазартып жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Қаланың ажарын кіргізу мақсатында заңсыз орналастырылған жарнамалар мен хабарландыруларды алып тастау жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Салық кодексінің 1 бөлім, 528 бабына сәйкес, заңды құжаттар болмаған жағдайда нысандарға жарнама орналастыруға тыйым салынған.





