Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласынан бюджетке түсетін салық түсімі 33 пайызға артты

Алматы қаласынан бюджетке түсетін салық түсімі 33 пайызға артты

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - Мемлекеттік бюджетке түскен салық төлемдері бойынша Алматы қаласының үлесі – 106%-ды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 33%-ға жоғары. Бұл туралы мемлекеттік кіріс департаментінің жартыжылдық жұмыс қорытындысына сілтеме жасап, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Салық түсімінің өсуі қаладағы бизнес-климаттың жақсарғанын көрсетеді. Бір жағынан, салық түсімінсіз қаладағы қандай да бір әлеуметтік-даму бағдарламаларын іске асыра алмас едік. Басты мақсат – мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік кірістерді уақытында қадағалап, экономиканың көлеңкелі тұстарын анықтау”, – деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Әкімдіктің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жергілікті салық түсімдерінен қазынаға 146 млрд теңге түскен. Бұл жоспардағы мөлшерден 20,6 миллиардқа артық.

Отырыс соңында қала басшысы мемлекеттік кіріс департаментіне Алматы аймағында көлеңкелі бизнес орындарын анықтап заңдастыруды, заңсыз еңбек мигранттарымен күресті жалғастыруды тапсырды.

Похожие материалы