Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласында "Орталық Азиядағы интернеттің дамуы InternetCA-2015" форумы өтіп жатыр

Алматы қаласында "Орталық Азиядағы интернеттің дамуы InternetCA-2015" форумы өтіп жатыр

Алматы қаласының Rahat Palace қонақ үйінде  алтыншы рет "Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы - InternetCA-2015" атты форум өтіп жатыр. Екі күндік форумның алғашқы бөлімі бүгін, 14 мамыр күні ашық деп жарияланды. Жыл сайын өтетін бұл форумның осы жылғы тақырыбы - интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне арналды.

Форумға Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан) сарапшылары өз елдеріндегі интернеттің қазіргі жағдайын, ертеңгі күнгі дамуы туралы талқылайтын болады. Сонымен бірге, форумға Германия, Болгария, Нидерланды, Ресей, Украина елдерінің сарапшылары да қатысуда. Іс-шарада Орталық Азиядағы интернетті пайдалану қауіпсіздігі, желілік басылымдардың м,әртебесі, интернетте Charlie Hebdo қателігіне қалай ұрынбауға болады, Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік: қазіргі жағдайы және болжамдар, әлеуметтік желілерді әлеуметтік тәсілдермен зерттеудің мүмкіндіктері мен шектеулері сынды тақырыптар талқыға салынатын болады. Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған форумды MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ кеңсесінің және Konrad Adenauer атындағы Қордың демеушілігімен өткізіп отыр.  

Похожие материалы