Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласының 26 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматы қаласының 26 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматы қаласының 26 көшесінің жөндеу жұмыстары 2015 жылдың қараша айына дейін жалғасатын болады. Бұл жөнінде КазТАГ хабарлайды.

«Жөндеу жұмыстары жүргізілетін және жүргізіліп жатқан тораптық көшелердің жөнду жұмыстарына үлкен күш салынып жатыр. Жұмыстардың біту уақыты - ағымдағы жылдың қарашасы», - дейді КазТАГ-тың сұранысына жауап қатқан басқарма.
Басқарманың мәліметінше, бірінші кезекте орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер:
  • Рысқұлов даңғылы (Жансүгіров - Сейфуллин - Рысқұлов жол айрығынан Тілендиев көшесіне дейін);
  • Рысқұлов даңғылы (Құлжа трактатынан Лисаковский көшесіне дейін);
  • Науаи көшесі (Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейін);
  • М. Оспанов көшесі, Тілендтев көшесі, Алғабас ықшам ауданы, Әуезов көшесі (Райымбек даңғылынан бастап);
  • Немирович-Данченко көшесі Сайын көшесі ("Домиллион" сауда орталығынан "Метро" сауда орталығына дейін);
  • Абай даңғылы (Сайын көшесінен 0,14 шақырым);
  • И. Қоңыр көшесі, Брусиловский көшесі (Абай даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің арасы);
  • Шевченко көшесі (Қонаев көшесі мен Зенков көшесінің аралығы);
Екінші кезекте мына көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілмек:
  • Бухтарминский көшесі;
  • Бөкейханов- Рысқұлов жол айрығы;
  • Ғабдуллин көшесі;
  • Манас көшесі;
  • Сәтбаев көшесі мен Жандосов көшелерінің бойындағы жол айрығы;
Сонымен бірге:
  • Күдерин - Рысқұлов жол айрығы;
  • Бөгенбай батыр көшесі (Масанчи көшесі мен Қалдаяқов көшесінің арасы);
  • Шевченко көшесі (Қонаев көшесінен бастап Жароков көшесіне дейін);
  • Ремизовкаға баратын жол (әл-Фараби даңғылынан 2,04 шақырым);
  • Қабдолов көшесі (Сәдуақасов көшесінен Сайын көшесіне дейін) жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Басқарманың айтуынша, аталған көшелердің жабындарына жөндеу жұмыстары осыған 8 жыл бұрын жүргізілген.

Похожие материалы