Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың соңына дейін Алматыға 30 шетелдік инвестор тартылуы қажет

2016 жылдың соңына дейін Алматыға 30 шетелдік инвестор тартылуы қажет

Алмтыда Алматы қаласына салынатын жеке және шетелдік инвестицияларға жағдай жасауға бағытталған «Инвестицияларды тарту бойынша Кешендік жоспар» бекітілді. Жоспарды іске асыру қалаға 2016 жылдың аяғына 30-ға жуық шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоспар 28 іс-шарадан тұрады және ол 3 топтамаға бөлінген: «Инвесторларға жағдай жасау», «Инвесторларды тарту» және «Инвестициядан кейінгі мониторинг». Бірінші топтамаға инвесторлардың мәселелерін айқындау, сондай-ақ Алматы қаласының қолдағы бар бизнес-мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар кірді. Бұдан басқа, шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдарында бизнесті жүргізу мүмкіндіктері мен Алматы қаласының инвестициялық ахуалы туралы материалдар жарияланатын болады. Сонымен қатар, іске асырылатын жобалардың бизнес-жоспарлары, техника-экономикалық негіздемелері мен тұсау кесерлері Open society қағидаты бойынша ашық түрдегі қол жетімділікте, оның ішінде, инвестициялық мүмкіндіктердің интерактивті карталары арқылы орналастырылатын болады. Екінші топтама іске асырудың барлық сатысындағы инвестициялық жобаларды алып жүруден, венчурлық инвестициялар форумын өткізуден және басқа да іс-шаралардан тұрады. Үшінші топтамаға әрекет етіп жатқан инвесторлардың деректер қорын қалыптастыру және өзектендіру; инвесторларды заңнамадағы, рәсімдердегі және инвестициялау шарттарындағы өзгерістер туралы ақпараттандыру; әлеуетті инвесторлармен өткізілген кездесулердің тиімділігіне талдау жасау бойынша іс-шаралар кірді. Шетелдік инвесторлармен кездесулер «Инвестицияларды тарту бойынша Кешендік жоспарын» іске асыру тетігі көздерінің бірі болып табылады. Соңғы үш айдың ішінде, Алматы қаласының әкімдігі Швейцарияның, Польшаның, Германияның, Австрияның, Түркияның, Румынияның, Литваның және басқа да елдердің әлеуетті инвесторларымен 60-қа жуық кездесу өткізді. Фото: kazagro.kz сайтынан алынды.  

Похожие материалы