Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банктер Алматы әкімдігіне көмек көрсетеді

Банктер Алматы әкімдігіне көмек көрсетеді

Алматы әкімдігі  «АТФ Банк» АҚ, «Baur Kazakhstan»  АҚ және «Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлерінің қоғамымен (КАТИАД)» 20 млрд теңге көлемінде ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған келісім-шарттар аясында спорт клубтарын салу, тұрғын үйлер аумағындағы балалар алаңын жөндеу, мектепке дейінгі білім беру орталығын ашу және халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алматы әкімі Бауыжан Байбек бизнес мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы рөл атқаратынын атап өтті және әлеуметтік маңызы бар нысандарға қолдау көрсеткен компанияларға алғысын білдірді. «Біздің әлеуметтік маңызы бар нысандарды құру туралы өтінішімізге назар аударғандарыңызға алғыс білдіремін. Қала бизнесінің әлеуметтік жауапкершілік танытып отырғаны қуантады», - деді әкім. Меморандум аясында «АТФБанк» АҚ орта және шағын бизнесті қолдауға, тұрғын үй және коммерциялық құрылыс нысандарын салуға, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығын модернизациялауға  19,5 млрд теңге қаржы бөледі. Келісім-шарт бойынша, халықтың әлсіз топтарын қолдауға және азаматтардың арнайы қажеттіліктеріне 112,2 млн теңге бөлу қарастырылып отыр. Сондай-ақ, қала аудандарының біріне 10 млн теңге көлемінде балаларға арналған спорт алаңын салу жоспарланды. Меморандум аясында «Baur Kazakhstan» АҚ-мен бірігіп, 120 орын болатын мектепке дейінгі білім беру орталығын салу жоспарланды. Жобаны жүзеге асыру құны - 392,6 млн теңге. Еске салайық, бұдан бұрын Алматы әкімдігі  «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Астана Банкі» АҚ және «Автогаз Трэйд» ЖШС -мен ынтымақтастық меморандумына қол қойған.

Похожие материалы