Almaty Invest 2017 форумында киноиндустрияны дамытудағы қаланың әлеуеті талқыланады
Алматы. 2 қазан. 7kun.kz - Халықаралық режиссер, продюсер және киноматографистер 2017 жылғы 5 қазанда өтетін «Almaty Invest 2017» форумының барысында киноиндустрияның ТВ-жобалары мен келешегін дамытуды іске асыру бойынша Алматы қаласының әлеуетін талқылайды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қатысушылар жобаларды продюсерлеу бойынша тәжірибе алмасады, кино мектептерін құру жоспарлары туралы айтып береді, сондай-ақ кино және тв-үдерістерін ұйымдастыруды жеңілдететін құралдардың тұсаукесерлерін өткізеді, бұл өз кезегінде осы салаға құйылатын инвестицияның ағымын ынталандыруға септігін тигізеді.
Алдағы өтетін іс-шараның қонағы, кинорежиссер Рашид Нұғмановтың айтуынша, дүниежүзінде кино саласына инвестиция тартудың тиімді құралдары қолданылып жатыр, бұл, жергілікті кадрлардың біліктілігін көтеруге, жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылым мен туризмді дамытуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, форумның талқылау жұмысына MTV Еуропа продюсері – Ричард Корам, музыка және кино-тв-продюсер Тонги Дайран, «Невафильм» зерттеу компаниясының директоры Олег Брезин, режиссер, «Ашаршылық» жобасының авторы Марина Кунарова, Astana Film Fund продюсері Эрнар Құрмашев және Киноматографистер одағының төрағасы Ахат Ыбраев қатысады.
Логистикаға, білімге, тамақ өнеркәсібіне және кино өндірісіне арналған негізгі талқылау сессияларынан басқа, форум шеңберінде инвестор Айдан Кәрібжановтың және экономист Рахым Ошақбаевтың қатысуымен «Халықаралық инвестициялық тәжірибе» пленарлық ТВ-талқылауын өткізу көзделген. Олар екі жақты – инвесторлар және экономистер – көзқарасынан мегаполиске шетелдік инвестицияларды тартудың үздік әлемдік тәжірибесін қарастыратын болады.