Экономика
Алматы әкімдігі Макдональдс құрылысының жобасына келісім берді
Алматы әкімі Қазақстандағы бірінші McDonald’s (Макдональдс) мейрамханасының құрылыс жобасына келісім берді. Бұл туралы қалалық құрылыс кеңесінің отырысында шешім қабылданды деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мейрамхана ғимараты қазіргі "Алатау" кинотеатрының орнында яғни Төле би көшесі, 41 мекен-жайы бойынша орналасады. Осыған дейін McDonald’s-тың ашылатыны туралы 2014 жылдың қарашасында хабарланған еді. Франшизаға кәсіпкер Қайрат Боранбаев ие болды.