Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды

Алматы әкімі аппаратының жаңа жетекшісі тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен Марат Сембеков әкім аппаратының жетекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің  баспасөз қызметі хабарлады. Марат Әмірұлы Сембеков Павлодар қаласында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ҚР Әділет, экономика және бюджет жоспарлау министрліктерінде, Премьер-министр кеңсесінде жауапты қызметтерді атқарды, әкімшілік-құқықтық және заң бөлімдерін басқарған, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің аппарат жетекшісі болған. 2010-2014 жылдары мемлекеттік инспектор болған. Қазірге дейін ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде жетекшінің орынбасары болып келді. Бұған дейін әкім аппаратының жетекшісі қызметін атқарып келген Бейбіт Қарымсақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткен.   

Похожие материалы