Экономика
Алматы әкімі тұрғын-үйлердің бағасын 600-700$-ға түсірмек
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаладағы инновациялық жобаларды, стартап және өнеркәсіп орындарын дамытуға қолайлы жағдай туып отыр деп мәлімдеді. Бұл жөнінде informburo.kz хабарлайды.
"Қала экономикасының 35%-ын сауда, қалған бөлігін - өңдеу өнеркәсібі құрайды. Қала мұнайлы емес, оның ішкі қорлары бар, бұнда көптеген кәсіпкерлерлер тұрады әрі Алматы- жастардың қаласы. Жастарда тиісті деңгейде білім де, технология да бар. Инноваторлардың 87%-ы Алматыда тұрады. Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен қалада жай компаниялар ғана емес, ірі халықаралық танымал компаниялар да ашылмақ",- деп мәлімдеді Б.Байбек.
Онымен қоса, жуырда, 29 индустриялық аймақ құру жобаларының жүзеге асырылуы бекітілді. Олардың ішінде медицина, құрылыс кәсіпорындары бар. Осы кәсіпорындардың арқасында Алматы қаласында арзан құрылыс материалдарымен салынған үйлердің құны шаршы метріне 600-700$-ға түсетін болады.