Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

Алматы әкіміне жаңа орынбасар тағайындалды

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмас Мәдиев тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал Ерлан Әукенов Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға түскендіктен бір жарым жылдық оқу демалысына кетті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек  Ерлан Әукеновтың энергетикалық кешен мен коммуналды шаруашылық салаларын, кәсіпкерлікті дамытудағы, инвестиция тартудағы және басқа да  атқарған жұмыстарын жоғары  бағалады.

Алмас Мәдиев болса, бұған дейін кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқарманың басшысы қызметін  атқарған.

Алмас Мәдиев мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер,  Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, К. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университетін бітірген.

Түрлі жылдары  Жамбыл технологиялық институтында оқытушы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман, Жамбыл облысы  әкімі аппаратының қаржы  және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау  және кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларының басшысы, «ҰК «ӘКК «Оңтүстік» АҚ-ның  қаржы директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Инвестициялық қоры»АҚ-ның қаржы департаментінің директоры, «ҰК «ӘКК» Павлодар» АҚ-ның басқарма төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Похожие материалы