Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкімінің экс-орынбасары "Астана ЭКСПО-2017" ҰК-на кетті

Алматы әкімінің экс-орынбасары "Астана ЭКСПО-2017" ҰК-на кетті

Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Ербол Шорманов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаменті мәлімдеді.

Ұлттық компанияның ресми сайтында Шормановтың "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ төрағасының орынбасары қызметіне 2015 жылдың тамыз айында тағайындалғаны туралы жазылған. Осыған дейін Ербол Шормановтың Алматы әкімі орынбасары қызметінен басқа жұмысқа ауысқаны белгілі болған еді. Десе де, нақты қай жұмыс орнына орналасқаны айтылмаған болатын. Әкім орынбасары қызметіне 2009 жылдың 25 қаңтарынан бастап келген. Ол жерде тұрғын-үй шаруашылығы сұрақтарымен, табиғатты пайдалану және экология, энергетика, өнеркәсіп, шағын бизнес, сауда және т.б мәселелерімен айналысқан. Естеріңізге сала кетсек, 3 тамыз күні Президент жарлығымен Алматы әкімі қызметіндегі Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ төраға етіп тағайындалған еді. Күні кеше Ахметжан Есімов компания ұжымын жаңа ұйымдастыру құрылымымен таныстырғанын жазған едік. Төраға орынбасаларының саны 5-тен 3-ке, басқарушы директорлар саны - 9 адамнан 4 адамға қысқарған болатын. Және де ҰҚ жылдық жалақы қоры 150 млн теңгеге азайтылды. 

Похожие материалы