Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкімінің үш бірдей орынбасары қызметінен кетті

Алматы әкімінің үш бірдей орынбасары қызметінен кетті

Алматы қаласы әкімінің үш орынбасары Юрий Ильин, Зәуреш Орынбасарова, Мұрат Құдышев қызметтерінен кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Юрий Ильин әлеуметтік бағдарламаларды бақылаушы, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдайлардың салдарын жою, қаланың азаматтық қорғанысын сондай-ақ қаладағы көлік мәселелерін шешу ісі және әкімдіктегі арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның құқық бұзушылықты реттеу ісімен айналысқан.

Зәуреш Аманжолова ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт мәдениеті, жастар саясаты мәселелеріне жауап берді.

Мұрат Құдышев экономика, бюджет саясаты, қаржылық мәселелерін және қаланың коммуналдық қызметі, туризм саласында қызмет атқарды.

Похожие материалы